Қостанай облысында 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды

Опубликовано:

Қостанайда ақша жымқырған азамат ұсталды
Видеоан кадр. Фото: T.me/afm_rk

Қостанай облысында 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Ақша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия ретінде бөлінген. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі ресми Telegram-арнасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Қостанай облысында күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

Қостанай облысы бойынша департаменті күдіктіні ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылық тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия түрінде, соның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған деп айыптайды.

Осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 96 млн теңгені құраған. Ведомство басқа ақпараттар тергеу мүддесіне сай жарияланбайтынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987362-qostanai-oblysynda-96-mln-tenge-somasynda-byudzet-qarazatyn-urlau-faktisi-anyqtaldy/