Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық кеңеске жолданды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Қонституциялық кеңес парламент мәжілісі депутаттарының ұсынысына байланысты президенттің өтінішін іс жүргізуге қабылдады.

Бұл туралы Конституциялық кеңестің ресми сайты хабарлады.

"Конституциялық кеңес президент Қ.К. Тоқаевтың парламент мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын Конституциясының 91-бабы 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде",- деп жазылған құжатта.

Конституциялық кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987407-mazilis-deputattarynyn-usynysy-konstituciyalyq-keneske-zoldandy/

pixel