Ақтауда жас жігіт ер адамды мойнына бірнеше рет пышақ салып өлтірді деген күдікпен ұсталды
Опубликовано:

Ақтауда жас жігіт ер адамды мойнына бірнеше рет пышақ салып өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 7 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында болған.
"Ақтау қаласының 29 "а" шағынауданында 23 жастағы жігіт төбелес кезінде жәбірленушінің мойнына бірнеше рет пышақ тыққан. 36 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды", - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987408-aqtauda-zas-zigit-er-adamdy-moinyna-birnese-ret-pysaq-salyp-oltirdi-degen-kudikpen-ustaldy/