Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Күз
Көрнекі фото: pixabay.com

Сейсенбі, 13 қыркүйекте Алматы мен Шымкентте күн ашық әрі жылы болады, ал Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауады деп болжануда, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алматыда бүгін күн жылы болады – ауа температурасы +22...+24 градусқа дейін жылынады, жауын-шашын күтілмейді. Синоптиктер желдің 3-8 м/с дейін күшейетінін ескертеді.

Шымкентте де метеорологтар болжамынша күн жылы болады. Қалада бүгін термометр бағаны +26...+28 градусқа дейін көтеріледі. Мегаполисте желдің жылдамдығы 3-8 м/с дейін жетеді.

Нұр-Сұлтанда салқын ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін елордада тағы да жаңбыр жауады, найзағай ойнап, ауа температурасы +12-ден +14 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987416-elimizdin-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel