Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкім орынбасары" қатысқан жанжал: Маңғыстау облысы әкімдігі желіде тараған видеоға пікір білдірді

Опубликовано:

Маңғыстау әкімдігі "облыс әкімдігінің орынбасары" қатысқан жанжалға пікір білдірді
Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде екі ер адамның төбелескен сәті түскен бейнежазба тарап кетті. Желі қолданушыларының пікірінше, видеодағы азаматтардың бірі Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болуы мүмкін. Бұл жайтқа Маңғыстау әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеожазбаны желі қолданушылары Lada.kz басылымының редакциясына жіберген.

Видеодан галстук таққан ер адамның дөрекілік танытып, жанындағы азаматқа мінез көрсеткенін байқауға болады. Сәлден соң оның бетінен ұрады. Кейінірек ол мәселені шешпек болған үшінші адамға да дөрекілік танытып үлгереді.

Желіде пікір білдіруші көпшіліктің айтуынша, ер адам Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болуы мүмкін.

Алайда Маңғыстау облысының әкімдігі бұл пікірді жоққа шығарды. Олар аталмыш ер адамның облыс әкімінің орынбасары еместігін мәлімдеген. Оның жеке басына қатысты басқа ешқандай ақпарат берілмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987426-akim-orynbasary-qatysqan-zanzal-mangystau-oblysy-akimdigi-zelide-taragan-videoga-pikir-bildirdi/

pixel