Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оның кінәсі - әкім болғаны": Сапарбаев елді шулатқан той туралы алғаш рет пікір білдірді

Опубликовано:

Той1
Көрнекі фото: piqsels.com

Жуырда әлеуметтік желіде Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен үйлену тойы кеңінен талқыланды. Желідегілер той иесі - Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев екенін жарыса жазып, оны оңтүстік астанада аста-төк той жасады деп айыптаған болатын. Аталған жайтқа қатысты Нәлібаевтың ағасы Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бердібек Сапарбаев Youtube-арнасындағы "Сұрауы бар" бағдарламасына сұхбат берген.

Журналистің аталған тойға қатысты сұрағына экс-әкім тойдың болғанын және желіде тараған ақпаратта көрсетілгендей оған 250 адам қатыспағанын, сондай-ақ 250 млн теңге қаржы жұмсалмағанын айтты.

"Біріншіден ондай ақша жұмсалған жоқ. Екіншіден 250 адам болған жоқ. Ол жерде негізінен ағайын-туысқан болды. Қазақ болғаннан кейін той жасау керек қой және ол (ред. - Нүрлыбек Нәлібаевтың) - оның жалғыз ұлы. Ол жерде оның кінәсі - әкім болғаны. Егер ол әкім болмаса, еш нәрсе болмас еді, ешкім жазбас та еді. Әкім болғаннан кейін оны жазды", - деп жауап берді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ ол тойдың ата-бабадан келе жатқан салт екендігін және оны әр қазақ жасайды, деген ойын алға тартты.

"Той жасамай, бір-бірімізге қонаққа бармайық. Сонда не боламыз?! Ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз қайда кетеді? Құдалық, сырға тағудан бас тартуымыз керек пе? Жоқ, әрине.

Міндетті түрде бірдеңе табуымыз керек. Жұмыстан ештеңе таба алмайды, яғни жұмыстан кемшілік жоқ. Енді неден табу керек? Баладан, інісінен табу керек. Менің ойымша ол - дұрыс емес, ол бізді жақсылыққа алып бармайды. Бұлай бола беретін болса, қазақ бір-бірін талап, жеуге жақын", - деді Сапарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987500-onyn-kinasi-akim-bolgany-saparbaev-eldi-sulatqan-toi-turaly-algas-ret-pikir-bildirdi/

pixel