Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны уақыт көрсетеді": Сапарбаев елорда атауын ауыстыруға қатысты өз ойын айтты

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілді
Көрнекі фото: piqsels.com

Бердібек Сапарбаев "Сұрауы бар" Youtube арнасына берген сұхбатында депутаттардың елорда атауын өзгерту туралы ұсынысына қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистің "Мәжіліс депутаттарының елорда атауын өзгертуге байланысты шешімдері екіжүзділік емес пе?" деген сұрағына Бердібек Сапарбаев өз ойын айтты.

"Оған әрбір депутаттың ар-намысы, адами қасиеті жауап береді. Өзіңіз айтып отырғандай, екі жыл бұрын өздері дауыс берген, қабылдаған. Кімдікі дұрыс-бұрыс екендігін уақыт көрсетеді. Мәжіліс қабылдады, алда әлі сенат бар. Мемлекет басшысы қол қою керек. Оны уақыт көрсетеді", - деп қысқа қайырды Сапарбаев.

Сұхбат барысында қоғам қайраткері елордаға бұрынғы "Астана" атауын қайтару туралы ойын да ортаға салды.

"Менің ойымша тұрақтылық керек. Бүгін былай, ертең былай деген болмайды. Бүгін былай, ертең былай сөйлесек, бізге басқа ұлттар, мемлекеттер қалай сенеді? ", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бердібек Сапарбаев інісінің Алматыда өткізген тойына қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987504-ony-uaqyt-korsetedi-saparbaev-elorda-atauyn-auystyruga-qatysty-oz-oiyn-aitty/

pixel