Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан полициясы қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшті

Опубликовано:

тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Әлемдік діндер көшбасшыларының съезін өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Eлорда жолдарындағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін тиісті қамтамасыз ету, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі кезеңінде құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында елордалық полицияның жеке құрамы 13 қыркүйектен бастап күшейтілген қызмет түріне ауыстырылған.

Нұр-Сұлтан қаласына әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген қонақтардың келуіне байланысты қоғамдық орындарда, көшелерде, сондай-ақ мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қосымша қауіпсіздік шараларының қабылданғаны белгілі болды.

“Ағымдағы жылдың 13-15 қыркүйек аралығында съезді өткізу аясында Рим Папасының келуі күтілуде. Делегация экскорт мотоциклшілермен бірге жүретіндіктен, ресми қорғалатын колоннаның өту кезеңінде қозғалыс 3-5 минутқа шектеледі. Негізінен, бұл Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел және Қонаев даңғылы”, - деді қалалық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

14 қыркүйек күні өтетін “мессаға” қатысушылардың еріктілерімен және алып жүрушілермен бірге жүріп-тұруы үшін арнайы автобустар ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындардан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987569-nur-sultan-policiyasy-qyzmet-atqarudyn-kuseitilgen-turine-kosti/

pixel