Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Алматы облысындағы атыстың видеосы пайда болды

Опубликовано:

Атыс
Видеодан кадр: instagram.com/kris__p__almaty

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы атыстың видеосы пайда болды. Оқиғаға қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Іnstagram желісіндегі kris_p_almaty тобында жарияланды.

Кадрдан жұмыс істеп жатқан адамдарға белгісіз біреу келіп, аспанға оқ атқанын көруге болады.

Алматы облыстық полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 19.00-де "Таусамалы Қызмет" МКК қызметкерлері мен Қарасай ауданы Іргелі ауылының тұрғындары оқиға орнына жиналып, резервуарларды толтыру үшін қосымша су көзін салуға кіріскен.

"41 жастағы бұрынғы директор наразылық білдірді, ал оның 45 жастағы күйеуі өзінің газ тапаншасымен ауаға бірнеше рет оқ атқан", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция тапаншаның тәркіленгенін мәлімдеді. Оның иесі тергеу жұмыстарына байланысты Қарасай аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

"Нәтижесінде ол әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 485-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады", - деп атап өтті Алматы облысының полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987572-almaty-oblysyndagy-atystyn-videosy-zelide-paida-boldy/

pixel