Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Даладан келген жоқ": Сапарбаев інісін әкім қылды деп сөккендерге жауап берді

Опубликовано:

"Даладан келген жоқ": Сапарбаев інісін әкім қылды деп сөккендерге жауап берді
"Даладан келген жоқ": Сапарбаев інісін әкім қылды деп сөккендерге жауап берді : Youtube/Сұрауы бар

Белгілі қоғам қайраткері, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев "інісіне жол беру үшін, саясаттан кетті" деген қауесетке қатысты өз ойын жеткізді. Саясаткердің айтуынша Нұрлыбек Нәлібаев "даладан келген" әкім емес және оның бұл лауазымға лайық тәжірибесі бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Youtube желісіндегі "Сұрауы бар" бағдарламасына сұхбат берген ол, Нұрлыбек Нәлібаевтың ел басқаруда тәжірибесі бұрыннан бар екенін алға тартты. Сұхбат барысында қоғам қайраткеріне "саясаттан інісіне жол беру үшін кеткен жоқсыз ба?" деген сауал қойылды. Бердібек Сапарбаев ол қауесетті жоққы шығарды.

"Біріншіден заң бар, бір әулеттің адамдары билікте болмасын деген. Біз екеуміз де әкім болсақ бір-бірімізге бағынбаймыз ғой, ол өз алдына әкім, мен өзім боламын дегендей. Көбі ойлайды Сапарбаев өзінің орнына інісін тағайындап кетті деп. Әкімді мен тағайындамаймын ғой? Әкімді тағайындайтын мемлекет басшысы. Оның үстіне ол даладан келген жоқ қой? Ол талай тәжірибеден өткен. Ауданда, қалада болсын, соңғы кезде үкіметте де жұмыс жасады. Сондықтан ол мемлекет басшысының шемімі", - деп түсіндірді Сапарбаев.

Сонымен бірге қоғам қайраткері әлеуметтік желіде өзі мен туған-туыстары жайлы жиі жазылатынын жасырмады.

"Әлеуметтік желіде мен туралы көп жазады. Сапарбаев бес облысты басқарған, миллионер т.т. Тіпті туыстарымды, құдаларды да солай деп айтады. Сонда олар мен әкім болды екен деп кәсіппен айланыспау керек пе? Олар маған дейін де кәсіпкер болған. Мен айта аламын - халқымның, мемлекетімнің алдында арым таза...

Мен ұлтымның болашағына жаным ашитын адаммын. Қазір бізге бірлік керек. Бір-бірімізді жамандау, табалауға жол бермеу керек. Қазақты қазақ жамандағаннан не шығады? Біз қазақ неге бір-бірімізді түрткілейміз? Егер біреу жоғары шыға бастаса, оны неге аяқтан шаламыз? Бұл жаман қасиет, осыдан арылуымуыз керек", - деді экс-әкім.

Сұхбат барысында Бердібек Сапарбаев Нұрлыбек Нәлібаевтың өз ұлы деген қауесетке қатысты да нүкте қойды.

"Ол әрине менің туған інім. Айтамын ғой қазақты көреалмаушылық құртады деп. Мені көре алмаушылар осыны жазады, сосын баламның Ферраримен бірге түскен суретін жазады. Түсінемін кемшіліктер бар, болды, жазса соны жазу керек қой? Әркімнің өз баласы бар. Кезінде бала Түркияға барды, суретке түсті. Соны көріп, тағы жала жапты. Егер астанада ферраримен жүрсе айтуға болатын еді. Жала жапқанда да жөнімен жабу керек қой. Ең негізгі мәселе – сен оған жауап беруің керек. Заң бар ғой? Біздегі БАҚ-та сол мәселе бар", - деді Сапарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987588-daladan-kelgen-zoq-saparbaev-inisin-akim-qyldy-dep-sokkenderge-zauap-berdi/

pixel