Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15-тен +30-ға дейін: Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Күз, ауа райы
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сәрсенбі, 14 қыркүйек күні Шымкент пен Алматыда күн ашық болады, ал Нұр-Сұлтанда салқын ауа райы күтіледі. Ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы болады, термометр +22...+24 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 3-тен 8 метрге дейін жетуі мүмкін.

Шымкентте одан да ыстық ауа райы күтіледі: мұнда +28...+30 градус болады деп болжанып отыр. Алайда қала тұрғындарына жел соғатыны және оның жылдамдығы секундына 8-13 метрге жететіні ескертілді.

Ал Нұр-Сұлтан қаласында бүгін күн салқын және жауын-шашынсыз болады. Елордада термометр бағанасы +15...+17 градусты көрсетеді. Сонымен қатар секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987629-15-ten-30-ga-deiin-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel