Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жүк көлігі велосипедті соғып, 50 жастағы тұрғын көз жұмды

Опубликовано:

Камаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте жүк көлігі мен велосипед соқтығысып, 50 жастағы тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Тәуке хан даңғылының бойында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі велосипедпен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасынан 50 жастағы қала тұрғыны көз жұмды.

“Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі ”көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы“ бойынша тіркелді.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде, оның нәтижесімен процессуалдық шешім қабылданатын болады»-делінген Шымкент қаласы полиция департаменті таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987656-symkentte-zuk-koligi-velosipedti-sogyp-50-zastagy-turgyn-koz-zumdy/

pixel