Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жатақханаға орналаса алмай жүрген студенттер үшін арнайы штаб жұмыс істеуде

Опубликовано:

Жатақхана
Фото: pixabay.com

Бірінші курстың, сондай-ақ жалдауға пәтер таба алмай, қиын жағдайға тап болған студенттер штабқа хабарласа алады, деп жазады Zakon.kz.

Орталық жанынан құрылған жедел желіге соңғы үш тәулікте 90-ға жуық қоңырау түскен. Оларға уақытша тұрақтауға бірнеше тәулікке бөлме беріледі. Қазірдің өзінде 17 студент басқа жатақханаларға орналастырылған.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше келер жылдан бастап көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға шәкіртақыға қосымша 50-60 мың теңге қаражат қарастырылады.

Бұл қаржылай көмек студенттердің пәтер немесе жатақхана жалдап тұруына беріледі.

Журналистер сауалына жауап берген министр бұл мәселенің биыл пайда болмағанын, жылдар бойы қордаланып қалғанын айтты.

"Дәл қазіргі уақытта Алматы қаласында осы мәселе ушығып тұр. Біз қазір Сәтбаев университетінің жанынан жедел штаб құрдық. Кез келген ата-ана, студент сол жерге хабарласа алады. Қиын жағдайда қалған студенттер сол жерге хабарлассын.
Алматыда 35 жоғары оқу орны орналасқан. 200 мыңға жуық студент оқып жатыр. Оның 70 пайызы басқа өңірлерден келген балалар. Бір-екі күннің ішінде біздің штабымыз басқа жоғары оқу орындарының жатақханаларымен немесе жекеменшік жатақханалармен, хостелдермен келісіп, балаларды тұрақты орналастырамыз", - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрі бұл мәселені 2026 жылға дейін түпкілікті шешуді көздеп отырғанын жеткізді.

"Біз қазір бұл мәселені бүкіл ел бойынша 2026 жылға қарай 70-80 пайызға шешуді көздеп отырмыз", - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, биылдан бастап университеттер студенттерге жатақханадан орын берілмесе немесе толықтай қамтамасыз етпесе, жаңа мамандықтар ашуға және жаңа лицензия алуға рұқсат ала алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987681-almatyda-zataqxanaga-ornalasa-almai-zurgen-studentter-usin-arnaiy-stab-zumys-isteude/

pixel