jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Qazaq gaz" 34 мың шымкенттікті газбен қамтымақ

газ
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты шағын аудандардағы көгілдір отын мәселесі кезегімен шешімін табуда.

Азат елдімекеніндегі газ қосу шарасына қала әкімі М. Әйтеновпен бірге халық қалаулылары, жергілікті тұрғындар сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

газ
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Мұнда жалпы 8,9 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде 519 абонент көгілдір отынмен қамтылады. Қазіргі уақытта "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілуде.

Шымкент қаласының әкімі
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Биыл Шымкентте 15 нысанда газбен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран-2 кезек, Сәуле елдімекендері және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылмақ.

Шымкент қаласыда газ
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Елдімекендерді табиғи газбен қамту жоспарымен бөліскен М.Әйтенов, бұл маңызды істің жүзеге асырылуындағы "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ басшылығының қолдауына алғысын білдірді.

Мердігер мекеме және сала басшылығына күн суытпай абоненттеу жұмысын аяқтауды тапсырды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.