Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ономастикалық комиссия елорданың атын өзгерту туралы ұсынысты қолдады

Опубликовано:

Елордадағы "Әзірет Сұлтан" мешіті
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтанда елорда атауын өзгерту жөніндегі ономастикалық комиссияның отырысы өтті. Ономастикалық комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Хабарламада айтылғандай, күн тәртібіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының атын Астана деп қайта атау туралы мәселе талқыланды. Бұған дейін мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері мен қала тұрғындары елорданың атауын Астана қаласы деп өзгерту мәселесін көтерген болатын.

Конституциялық заң жобасында парламент мүшелерінің ұсынысы да бар.

Ономастикалық комиссия мүшелері елорданың атауын өзгерту туралы ұсынысты қолдады.

Естеріңізге салайық, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Негізгі заңға мемлекет басшысы мен депутаттар ұсынған өзгерістерді, оның ішінде елорданың атауын өзгертуге қатысты норманы мақұлдады.

Қыркүйек айының басында "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері "Астана" атауын Қазақстанның елордасына қайтару тарихи әділ шешім болатынын мәлімдеген болатын. Қаржы министрлігінің өкілдері өз кезегінде елорда бұрынғы атауына оралса, бұл қосымша шығынға әкелмейтінін айтты.

Бір күн бұрын мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай конституциялық заң жобасына Қазақстан астанасын бұрынғы атауына қайтару туралы ұсыныс енгізілгенін хабарлады.

Ал бүгін елорданың атын өзгерту мәселесі мәслихатта бейсенбі күні қаралатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987754-onomastikalyq-komissiya-elordanyn-atyn-ozgertu-turaly-usynysty-qoldady/

pixel