Бүгін Қазақстан мегаполистерінде қандай ауа райы күтіледі

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 15 қыркүйекте еліміздің үш мегаполисінде де жауын-шашын болмайды. Бейсенбіге арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды.

Алматыда бүгін жауын-шашын күтілмейді, термометр бағаны +21...+23 градусқа дейін көтеріліп, желдің жылдамдығы секундына 3 метрден 8 метрге дейін жетеді.

Астаналықтарды жауын-шашынсыз салқын ауа райы күтіп тұр. Елордада ауа температурасы +16...+18 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз жел 5-10 м/с күшейеді деп күтілуде.

Шымкентте ауа райы болжамы бойынша, ыстық болады – бүгін мұндағы термометр бағаны +31...+33 градусты көрсетеді. Мегаполисте жауын-шашын болжанбайды, желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987836-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-qandai-aua-raiy-kutiledi/