Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жаңа үйге коммуналдық желі жүргізуді "ұмытып кеткендер" ел наразылығын тудырды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысында жауапты тұлғалар жаңадан салынған үйге коммуналдық желіні жүргізуді ұмыт қалдырған. Соның кесірінен 18 отбасы тиесілі баспанасына қоныстана алмай жүр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Жуалы ауданы орталығындағы үш қабатты 18 пәтерлі үйдің құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған. Алайда инфрақұрылым атымен жоқ. Соның кесірінен пайдалануға берілмей қаңырап бос тұр. Жұрт ұзақ жылдан бері әзер салынған үйді коммуналдық қызметсіз қалдыру – көпті мазақ ету деп есептейді.

Ал жауапты тұлғалар жағдайды "Нұрлы жер" жобасының тоқтап қалуымен түсіндірген. Олардың айтуынша, осы аумаққа екі нысан қатарынан тұрғызылып, инфрақұрылым бірге тартылу жоспарланған. Бірақ мемлекеттік жоба жарым жолда тоқтап, екінші көпқабатты үйдің құрылысы аяқсыз қалған. Сол себепті дайын ғимараттың өзіне жарық пен су, газ бен кәріз жүйесі жалғанбаған.

Дегенмен тұрғындар билік өкілдерінде жағдайды реттеуге тоғыз ай болғанын айтады.

Осы мәселеге байланысты телеарнаға Жуалы ауданы әкімінің орынбасары пікір білдірген.

"Жоспар бойынша екінші үй биыл салыну керек еді. Екі үй біткенде бәрінің инфрақұрылымын бірге бітіруіміз керек еді. Инфрақұрылымға жалпы сметасы 88 миллион теңге жоспарланған, қазіргі таңда конкурс аяқталып жатыр", - дейді аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы. 

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987844-zambyl-oblysynda-zauapty-tulgalar-zana-salyngan-uige-kommunaldyq-zeli-zurgizudi-umyt-qaldyrgan/

pixel