Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жалдамалы пәтер іздеген адамдардан 4 млн теңге "пайда көргендердің" ісі сотта қаралуда

Опубликовано:

кілт
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдан пәтер іздеген студенттер мен туристер интернет алаяқтардың құрбанына айналуда. Бір ғана Алмалы ауданында айлакерлер оқуға, жұмыс істеуге не қалаға демалуға келгендерден 4 миллион теңге пайда көрген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарна мәліметінше, мұндай әрекеттер әсіресе тамыз айында көбейген.

Мәскеуден келетін досына пәтер іздеген Тимур есімді азамат телеарна тілшісіне қалай алаяқ құрбаны болғаны туралы айтып берген.

"Жалдау ақысының жартысын алдын ала төлемесеңіз, пәтерді басқа адамдарға өткізе саламыз. Алатын адам көп деді. 50 мың теңгесін аударып, айтылған мекенжайға келсем, үйдің қожайыны шығып, ешқандай жалдамалы пәтер емес екенін айтты. Сөйтіп алдап кетті", - дейді зардап шегуші.

Арна мәліметінше, олар пәтерді бір күнге жалдап, сол күні-ақ "мына үйді бірнеше айға немесе жылға өткіземін" деп интернетке жүктеп жібереді. Хабарландыруды көрген адам оның ешқандай құжаттарын тексермей, еш сезік тудырмастан бірнеше айға деп ақшасын да төлеп тастайды. Барса пәтер де, байланысқан адамы да жоқ болып шығады.

"Осындай қылмыстар жасалып жатыр. Бізде қазір 17 жәбірленуші бар. Олар 4 млн теңгеге шығын келтірген. Бүгінгі таңда қылмыстық істі сотқа жібердік. Әлі қаралу үстінде", – дейді Алмалы ауданының прокуроры Бауыржан Ертаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987864-almatyda-zaldamaly-pater-izdegen-adamdardan-4-mln-tenge-paida-korgenderdin-isi-sotta-qaraluda/

pixel