Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда адам басына неге тек 10 жұмыртқадан сатылып жатқаны белгілі болды

Опубликовано:

Жұмыртқа
Көрнекі сурет: pixabay.com

Осыдан бірнеше күн бұрын Атырауда жұмыртқа сатып алуға шектеу қойылғаны хабарлаған. Супермаркеттерде бір қолға 10 дана ғана берілсе, базарда жұмыртқаның бір данасы 45-50 теңгеден сатылған. Құзырлы орган бұл жайттың неліктен орын алғанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Zakon.kz хабарлауынша, өңірде жұмыртқа өндіретін 2 ірі кәсіпорын бұл сұранысты толықтай жаба алмайтын болып шықты.

"Өңірде жұмыртқа өнімдерін өндіру бойынша 2 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Екі кәсіпорын облыс қажеттілігінің тек 30%-ын қамтамасыз етеді. Өңірдің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін Қостанай, Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарынан жұмыртқа өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылады", - дейді Атырау облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков.

Нұрбол Жаңабековтің айтуынша, бір қолға 10 жұмыртқадан аспайтын шектеу тек бір сауда орнында алыпсатарлық пен жұмыртқа тапшылығының алдын алу мақсатында жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, Атыраудағы жұмыртқаға қойылған шектеу жайлы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987874-atyrauda-adam-basyna-nege-tek-10-zumyrtqadan-satylyp-zatqany-belgili-boldy/

pixel