Қостанайда бір жылға жуық қамауда отырған полковник ақталып, қызметіне қайта кірісті

Опубликовано:

Айгүл Маманова
Фото: Константин Вишниченко/kstnews.kz

Қостанай облысы ішкі істер департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Маманова ішкі істер органдарындағы қызметіне қайта алынды. Бұл туралы облыстық соттың ресми сайтында хабарланды.

Облыстық соттың мәліметінше, 2021 жылдың сәуір айында Қостанай облысының полиция департаменті тәртіптік комиссиясының қорытындысымен облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылған.

Алайда Қостанай қаласының №2 сотының 2022 жылғы 8 сәуірдегі үкімімен ол кінәсіз деп танылып, ақталып шыққан.

Қостанай облысының полиция департаментіндегі қызметіне қайтып келу үшін әйел сотқа жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жойып, қызметіне қайта орналасуға мүмкіндік беруді, сонымен бірге еріксіз жұмыссыз жүрген мерзім үшін ақы төлеуді, моральдық өтемақы беруді және заңдық көмек алуға кеткен қаражатты қайтаруды сұрап жүгінген.

Қостанай қалалық сотының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды. Сәйкесінше, Қостанай облысы полиция басқармасының тергеу басқармасының аймақтық бақылау бөлімі бастығының орынбасары - полиция полковнигінің лауазымынан босату туралы бұйрығы заңсыз деп танылды және күшін жойды. Оның ішкі істер органдарындағы бұрынғы лауазымы қалпына келтірілді.

Сондай-ақ жұмыссыз жүрген уақыт үшін өтемақы төленді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987954-qostanaida-bir-zylga-zuyq-qamauda-otyrgan-polkovnik-aqtalyp-qyzmetine-qaita-kiristi/