Шымкентте полиция қызметінің бұрынғы бастығы сотталды
Жарияланған күні:
Өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған Шымкенттегі жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысы Мұхтар Бұхарбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Сот шешіміне сәйкес, Мұхтар Бұхарбаев жеті жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді.
Сонымен қатар оған өмір бойына мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге тыйым салынды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Мұхтар Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.
Кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тың деректерді ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987989-symkentte-policiya-qyzmetinin-buryngy-bastygy-sottaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.