Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада балабақша сәбилері мінген жеңіл көлік апатқа ұшырады

Опубликовано:

көлік рөлі
Көрнекі фото: pexels.com

Қызылорда қаласында балабақша сәбилері мінген жеңіл көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 қыркүйекте Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан "Болашақ" университетінің маңындағы жол қиылысында тіркелді.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Honda Odyssey және Hyundai Santa fe көліктері соқтығысқан. Honda Odyssey көлігі қаладағы балабақшаның біріне тиесілі болған.

"Көлікке мінген сәбилерге облыстық көпсалалы балалар ауруханасында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988017-qyzylordada-balabaqsa-sabileri-mingen-zenil-kolik-apatqa-usyrady/

pixel