Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Әйтенов: Спорт қолжетімді болғанда бұқаралық сипат алады (фото)

Опубликовано:

Мұрат Әйтенов
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте заманауи үлгідегі спорт және балалар ойын алаңшасы салынып, ескілері қайтадан жаңғыртылуда. Қала басшысы Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданына қарасты Түркістан көшесінде орналасқан көп қабатты үй аулаларына орнатылып жатқан жаттығу элементтері мен ойын алаңдарын көріп, тұрғылықты халықпен кездесті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әл-Фараби алаңы №1А/ Түркістан көшесі №2/3, 2/7 көп қабатты үй ауласындағы спорт алаңшасын жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, қазіргі таңда оның 90% орындалды.

Ал балалар ойын алаңшасының құрылыс-монтажы тамызда басталған, бір айда жұмыстар толық аяқталып, пайдалануға берілмек.

ойын алаңы
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Спорт қолжетімді болғанда ғана бұқаралық сипат алады. Ал, бұқаралық спортты дамытумен ұлт саулығын нығайта түсеріміз анық. Ол үшін бар мүмкіншілікті пайдалана отырып аулаларымызды дамыта бермекпіз", - деді шаһар басшысы.

ойын алаңы
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аулаларда түрлі жастағы балаларға лайықты ойын элементтерімен қоса шағын футбол алаңшасы да ашылады.

Шымкент
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшалары "Халық қатысатын бюджет" жобасы негізінде орнатылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988019-murat-aitenov-sport-qolzetimdi-bolganda-buqaralyq-sipat-alady-foto/

pixel