Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Самұрық-Қазына" қызметкерлерінің жалақысы қанша: қор басшысы жауап берді

Опубликовано:

Самұрық- Қазына
Фото: "Самұрық- Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры АҚ

"Самұрық-Қазына" қорында басқарушы персоналдар үшін төленетін жалақы көлемі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтқан.

"Квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде қор қызметкерлерінің жалақысын мемлекеттік қызметшілердің жалақысымен салыстыруға келеді. Үш деңгейлі жалақы деген түсінік жоқ. Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" қорында әділ еңбекақы төлеу жүйесі бойынша нақты ережелер әзірленді. Оның ішінде негізгі және жыл қорытындысы бойынша берілетін сыйақы төлеу де бар. Жалақы мен сыйақы тағайындауда жұмысшының жеке және корпоративтік қызмет көрсеткіштері ерекше ескеріледі", - деді Сатқалиев.

Оның айтуынша, жалақы мәселесі толығымен қордың директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.

"Бізде басқарушы персонал орта есеппен 950 мың теңге, ал менеджерлер шамамен 400 мың теңге жалақы алады", - дейді ол.

Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" басшысы қорды реформалаудан кейін қызметкерлер саны 248-ден 124-ке дейін қысқарғанын айтты. Оның ішінде басшылар саны екі есе, яғни 10-нан 5-ке дейін азайған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988033-samuryq-qazyna-qyzmetkerlerinin-zalaqysy-qansa-qor-bassysy-zauap-berdi/

pixel