Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Дубайға алтын тасымалдамақ болғандар ұсталды

Опубликовано:

Әуежайдың іші
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және өзіндік қауіпсіздік жөніндегі бөлімшелері Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы Біріккен Араб Әмірліктеріне бағалы металдарды заңсыз әкетуді жүзеге асырмақ болған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, контрабанда мемлекеттік бақылауды айналып өтіп, көлік полициясының лауазымды тұлғаларына пара беру арқылы жүзеге асырылған.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында Көліктегі полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкеріне кедендік және шекаралық бақылау аймағы арқылы “сәлемдемені” алып өтуі үшін 600 доллар пара беру кезінде Қазақстан Республикасының азаматы қолға түскен.

Тексеру барысында одан 1200 доллар тәркіленді.

Сонымен қатар жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде әуежай ғимаратында Қытай Халық Республикасының азаматы ұсталды. Оның күдіктінің сыбайласы екені анықталған.

Күдіктінің сөмкесінен полиция қызметкерлері салмағы 3 келі 200 грамм болатын алтын құймаларын тапты. Оның құны шамамен 84 миллион теңгеден асады.

Тергеу сотының санкциясымен қазақстандық күдіктінің тұрғылықты жері бойынша Алматыдағы коттедждердің бірінде тінту жүргізілді.

Онда құймалардағы алтын мен металдың мөлшерін анықтайтын электрондық таразы мен арнайы құрылғылар тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамау туралы мәселе шешілуде.

Сонымен қатар қымбат металдың шығу көзі мен қылмыстық топтың басқа да сыбайластары анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988081-almatyda-dubaiga-altyn-tasymaldamaq-bolgandar-ustaldy/

pixel