Бүгін Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК мамандары бүгін, 16 қыркүйекте Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, елордада ауа температурасы +16...+18 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар мамандар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына жел соғатынын оның жылдамдығы секундына 9-14 метрге жететінін ескертті.

Ал еліміздің оңтүстігінде бүгін күн жылы болады. Ауа райын болжаушылар Алматыда термометр бағанасы +24...+26 градусты, Шымкентте +27...+29 градусты көрсететінін жеткізді.

Бұдан бөлек екі қалада да жел соғады және жауын-шашын болмайды деп күтілуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988083-bugin-qazaqstannyn-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/