Ақтауда ереуілге шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін

Опубликовано:

Маңғыстау облысындағы жедел жәрдем қызметкерлерінің ереуілі
Маңғыстау облысындағы жедел жәрдем қызметкерлерінің ереуілі: КТК арнасы/Видеодан кадр

Маңғыстау облысында заңсыз ереуілге шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін. Сот оларды жұмыстан шығаруға рұқсат берген, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жедел жәрдем қызметкерлері алты күн бойы жұмысқа шықпаған.

КТК арнасының мәліметінше, ереуілге шыққандар жалақы көтеруді, әлеуметтік пакетті және фельдшерлер мен жедел жәрдем бригадаларының санын көбейтуді талап еткен.

Ал жұмысшылардың бұл әрекетімен келіспеген басшылық сотқа жүгінген.

Телеарна хабарлауынша, сот істі зерттей келе, ереуілді заңсыз деп таныған.

Өйткені наразы топ наразылыққа шықпастан бұрын басшылыққа ресми хат жолдамаған. Қызметкерлер ресми хат арқылы талаптарын, наразылықтың өтетін орны мен уақытын нақты көрсетуі керек болған.

"Қазіргі уақытта наразылық заңсыз деп танылды. Қызметкерлер жұмысқа келмей, наразылығын жалғастырған жағдайда тәртіптік жаза қолдану қарастырылады", - деді Ақтау қалалық №2 сотының судьясы Рахымжан Бейсенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988099-aqtauda-ereuilge-syqqan-zedel-zardem-qyzmetkerleri-zumyssyz-qaluy-mumkin/