Қарағанды ​облысында бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасы әшкере болды

Опубликовано:

Ақша
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыру демалысымен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру қылмыстық схемасы бойынша іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігi Telegram-каналында хабарлады.

Агенттік ұсынған ақпаратқа сәйкес, тергеу барысында тапсырыс беруші мен ЖШС арасында наурыздан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша 50 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалғаны анықталды.

"Тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен, мүгедектердің шипажайға барудың жалған фактілері анықталған. ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражат негізсіз төленген", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Агенттік Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілмейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988125-qaragandy-oblysynda-byudzet-qarazatyn-zymqyrudyn-qylmystyq-sxemasy-askere-boldy/