Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда атауын өзгерту: Астаналықтарға құжатын ауыстыру міндетті ме

Опубликовано:

Құжат
Көрнекі фото: pixabay.com

Парламенттің берлескен отырысында Әділет министрі елорданың атын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгерткеннен кейін елорда тұрғындарына құжаттарын өзгерту қажет пе деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Астананың атауын өзгерту азаматтарға құжаттарды ауыстыру жөніндегі міндетті жүктемейді. Құжаттар елорданың бұрынғы атауымен де жарамды болады. Оларды шұғыл өзгертудің қажеті жоқ.

Егер астананың бұрынғы атауы көрсетілсе, құжат бұрынғысынша жарамды болып саналады. Сонымен қатар, азаматтарға арналған билік тармақтары мен мемлекеттік органдар азаматтардан құжаттарды дәл осылай қабылдайды және бұл ешқандай әсер етпейді. Ешқандай проблема болмайды", - деп түсіндірді министр Қанат Мусин.

Айта кетейік, бұған дейін елордада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988129-astananyn-atauyn-ozgertu-elordalyqtarga-quzatyn-auystyru-mindetti-me/

pixel