Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қос аңыз": Димаш Құдайберген Головкинмен Лас-Вегаста түскен видеосын жариялады

Опубликовано:

Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкин
Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің алдында Қазақстан әнұранын шырқаған Димаш Құдайберген отандық боксшымен кездесті. Қос қазақстандықтың көріскен сәтін әнші өз Instagram парақшасында бөлісті.

Бейнежазбада боксшының Димашты көтергенін, артынша Димаш Құдайберген де бұл әрекетті қайталағанын аңғаруға болады.

"Сен - біз үшін чемпионсың және чемпион болып қаласың. Алға, Қазақстан", - деп жазды Димаш өз парақшасында.

Орындаушының оқырмандары жазба астына жарыса пікір жазды.

"Қос аңыз", "Қазақстанның қос мақтанышы", "Екеуің де жарайсыңдар", - деді әлеуметтік желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988391-qos-anyz-dimas-qudaibergen-las-vegasta-golovkinmen-tusken-videosyn-zariyalady/

pixel