Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында суды тазарту кезінде дуст қолданылғаны рас па: тиісті мекеме жауап берді

Опубликовано:

ауыз су
Краннан су ағып тұр. Көрнекі фото: Pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Атырау облысында суды тазарту кезінде дуст қолданылғаны туралы хабарламалар пайда болды. "Атырау облысы Су арнасы" бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның мәліметінше, соңғы күндері Атырауда ауыз судың сапасы айтарлықтай нашарлап, судан жағымсыз дәм шыққан.

Әлеуметтік желілерде мұндай өзгерістерді суды тазарту кезінде масаларға, мақта, соя мен жержаңғақ зиянкестеріне қарсы пайдаланылатын дустың яғни жәндікті жоятын ұнтақтың қолданылатындығымен түсіндірген.

Алайда "Атырау облысы Су арнасы" бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Соңғы бірнеше күнде Жайық өзенінен алынған суға қалыпты нормадан асырмай, реагент қосылады. Суды тазарту нысандары зертханасында сағат сайын бақылау жүргізіледі. Суға қосылған дезинфекциялық реагенттердің артық мөлшері анықталған жоқ", – деп хабарлады "Атырау облысы Су арнасы" КМК-ның баспасөз қызметі.

Жалған мәліметтерді тарату фактісі бойынша тексеріс басталған.

"Қызметтік тексеріс жүргізілуде. "109" қызметіне келіп түскен барлық телефон қоңыраулары тыңдалады. Нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз", – деп толықтырды "109" бірыңғай байланыс орталығынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988418-atyrau-oblysynda-sudy-tazartu-kezinde-dust-qoldanylgany-ras-pa-tiisti-mekeme-zauap-berdi/

pixel