Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталды (видео)

Опубликовано:

Алматыда студенттер төбелесті
Видеодан кадр: Telegram/POLICE_of_KZ

Әлеуметтік желіде алматылық студенттердің Атакент іскерлік ынтымақтастық орталығының маңында жаппай төбелесіп жатқан сәтінен түсірілген видео тарады. Оған қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, деп жазады Polisia.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда жаппай төбелескен студенттер ұсталған.

"Алматы қалалық полиция департаменті жақын маңдағы ойын-сауық мекемесінде мерекелік іс-шараны тойлап жатқан Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері төбелеске қатысқанын хабарлады", - делінген хабарламада.

Абырой болғанда, жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

"Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988511-almatyda-zappai-tobelesken-studentter-ustaldy-video/

pixel