Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот отырысы қашан өтеді: Құзырлы орган жауап берді

Опубликовано:

Қайрат Сатыбалды
Қайрат Сатыбалдыұлы. Фото: ethnosport.kz

Ертең, 20 қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот отырысы өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Келесі сот отырысы ертең (20 қыркүйек - ред. ескерт.) онлайн режимде сағат 15:00-де өтеді. Процесс ашық", - деп хабарлады елорда сотының өкілдері.

Еске сала кетейік, Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы биыл наурыз айында белгілі болды. Кәсіпкер "Қазақтелеком" АҚ қорларының қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген.

Кейінірек оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының да ұсталғаны хабарланды. Ол қысқы Универсиаданың нысандарын жөндеуге арналған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

Тамыз айының соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Сатыбалдыұлына және "Қазақтелеком" АҚ мен "Көліктік сервистік орталығы" АҚ-дан аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша бірнеше тұлғаға қатысты соталды тергеу аяқталғанын хабарлаған.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу барысында 240 млрд теңгеден астам қаражат мемлекет активі мен қорларға қайтарып берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988519-astanada-qairat-satybaldyulynyn-isi-boiynsa-sot-otyrysy-bolady/

pixel