Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл мүмкін емес": Министр ереуілге шыққан жедел жәрдем қызметкерлерінің талабына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

жедел жәрдем көлігі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс ғимаратындағы БАҚ өкілдеріне арналған алаңда Денсаулық сақтау министрі маңғыстаулық жедел жәрдем қызметінің жүргізушілері мен фельдшерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ажар Ғинияттың сөзінше, бүгінде бұл мәселе реттеліп, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдік қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

"Бүгін олар жұмысқа шықты", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Ведомство басшысы сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін медициналық емес қызметкерлердің жалақысы биыл 20 пайызға өсетінін еске салды.

"Дәрігерлердің орташа жалақысы 350 000 теңге, медбикелердің орташа жалақысы 230 000 теңге, бірақ бүгінгі күннің өзінде жүргізушілеріміз 100 000 теңге алады және біз тұрақты түрде жалақыны көтере береміз.

Ал Маңғыстау облысындағы жалақыны 350 мың теңгеге дейін көтеру талабына келер болсақ, бұл бүгінде мүмкін емес. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жалақымыз осындай. Ал кез келген маман жұмысқа орналасар алдында еңбек шартында көрсетілген жалақысымен танысады. Олар осы жалақыға келісе отырып жұмысқа орналасады", - деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар ол жедел медициналық көмек көрсететін қызметтер жұмысын тастамауы керек деген ойын айтты.

"Бұл жедел қызметтер. Егер біреудің өлімі тіркеліп немесе ауырып қалса, сол ұйым оларды сотқа бере алады", - деді министр.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері ереуілге шыққанын хабарлағанбыз. Оларға денсаулық сақтау басқарамысының басшысы Аманбек Жұмыров жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988533-bul-mumkin-emes-ministr-ereuilge-syqqan-zedel-zardem-qyzmetkerlerinin-talabyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel