Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Прокурорлардың портретін салуға 7,5 млн теңге жұмсалмақ": Түркістан прокуратурасы желідегі ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Заң
Көрнекі фото: "Ақ Жайық" басылымы

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында 7,5 млн теңгеге прокурорлардың портреті салынатыны туралы ақпарат тарады. Осыған қатысты Түркістан облыстық прокуратурасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Түркістан прокуратурасы 7,5 млн теңгеге бас прокурорлар мен өңір прокурорларының портретін салуға жұмсамақ. Әр прокурордың аты-жөні портрет астына гравюрамен жазылмақ. Картиналы галерея ең тұрмысы төмен өңірде заң орындалуын қадағалауды қамтамасыз етуге септігін қаншалықты тигізер екен?",- делінген Shymkent online парақшасындағы жазбада.

Осыған қатысты Түркістан облыстық прокуратурасы мәлімдеме жасады.

"Әлеуметтік желілерде Түркістан облысының прокуратурасы Қазақстанның Бас прокурорлары және аймақтағы прокурорлардың портретін салуға 7,5 млн. теңге қаражат жұмсауды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат таралуда.

Осыған орай облыс прокуратурасы 7,5 млн. теңге Түркістан қаласының тарихи көрінісін көрсететін портретті салуға жоспарлағанын хабарлайды.

Сонымен қатар прокурорлардың портретін салу үшін 1 684 000 теңге қарастырылған.

Өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша кескіндемені салуға 2 900 000 теңгеге, портреттерді салуға 871 100 теңгеге жеңімпаз анықталған.

Қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы әлеуеттік өнім берушілерге келісім-шарт жобалары жолданған.

Атап айтқанда, барлық кескіндемелер Түркістан облысы прокуратурасының музейін безендіруге арналған",- деді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988566-prokurorlardyn-portretin-saluga-75-mln-tenge-zumsalmaq-turkistan-prokuraturasy-zelidegi-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel