Астанадағы гүлзарлардың біріне II Елизавета патшайымның есімі берілмек

Опубликовано:

II Елизавета патшайым
II Елизавета патшайым. Фото: Mark Metcalfe/Getty Images

Астанадағы гүлзарлардың біріне Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета есімі берілмек. Бұл туралы парламент сенатының ресми сайты хабарлады.

Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Букингем сарайында Король ІІІ Чарльздің Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінің, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың басшыларының және корольдік отбасы мүшелерінің құрметіне арналған қаралы қабылдауы өткен. Жиынға қатысқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Король ІІІ Чарльзбен сұхбат барысында мемлекет басшысының атынан көңіл айтып, ел президентінің шешімі бойынша жақын арада Астананың орталық саябағындағы гүлзарлардың біріне ІІ Елизавета патшайымның есімі берілетінін жеткізген.

"Сонда Ұлыбритания монархы мұрагер ханзада ретінде 1996 жылы Қазақстанға жасаған сапарын еске алды. Король патшайымның қазасына байланысты ықылас танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан басшылығы мен халқына игі тілектері мен ілтипатын жеткізді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988577-astanadagy-gulzarlardyn-birine-ii-elizaveta-patsaiymnyn-esimi-berilmek/