Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы көмекке келді

Опубликовано:

Атырау облысындағы өрт
Атырау облысындағы дала өрті. Фото: Атырау облысы ТЖД

Атырау облысы Кеңөзек ауылы, Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи қорығы аумағында шамамен 60 га аумақта қамыс жануда, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Департаменттің хабарлауынша, өрт 20 қыркүйек сағат 08:57 шамасында басталған. Жердің батпақты және өрт сөндіру техникаларының өте алмауына байланысты өртті сөндіру мүмкін болмаған.

Ведомство мәліметінше, елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 20 қызметкері мен 2 техникасы және "Ақ Жайық" МТР жұмысшылары мен 2 техникасы жұмылдырылған.

Одан бөлек ведомство өрт ошағына жету жолдардын іздестіру кезінде батпақты жерде батып қалған "TREKOL" автокөлігі толығымен жанып кеткенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Облыстық ТЖД өртке қатысты қазіргі жағдайды баяндады.

"21 қыркүйек күні сағат 7:30-да МИ-8 тікұшағы барлау жұмыстарын жүргізіп, 20х20 аумақты алып жатқан екі өрт от ошағын анықтады және 100 м аумақта бықсып жану дерегін анықтады. Қазіргі уақытта әуеден сөндіру жұмыстары жүргізілуде", - деп атап өтті ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988833-atyrau-oblysyndagy-ortti-sondiruge-tzm-tikusagy-komekke-keldi/

pixel