Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өрт сөндірушілердің айлығы жаңа жылдан бастап 40 пайызға көтерілуі мүмкін

Опубликовано:

өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкімет кулуарында келер жылдан бастап өрт сөндірушілердің айлығы өсуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, журналистер министрден өрт сөндірушілердің орташа жалақысы қанша екенін және оның қашан көтерілетінін сұраған.

"Біріншіден, біз бұл мәселені көтере бастағанда, 2019 жылы айлығымыздың 65 пайыз, одан кейін 10 пайыз және биыл 3 пайыз көтерілгені сөз болды. Бір қарасаң, өте жоғары көрсеткіш сияқты. Бірақ, сол 2019 жылы жұмысқа жаңа кіріскен өрт сөндіруші 65 мың теңге алатын. Қазір еңбек өтілінсіз, үстемеақысыз, таза айлық – 109 мың теңге", - деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, сала мамандарының айлығын қазіргіден 40 пайызға көтеру ведомствода қарастырылып жатыр.

"Қазір мемлекет басшысының және премьер-министрдің тапсырмалары бойынша Ұлттық экономика министрлігімен бірге айлықты тым болмаса 40 пайыз көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Егер іске асса, жаңа жылдан бастап қызметкерлеріміздің айлығы өседі", - деді Юрий Ильин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988899-ort-sondirusilerdin-ailygy-zana-zyldan-bastap-40-paiyzga-koterilui-mumkin/

pixel