Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда мас күйде көлік тізгіндеген бойжеткен ірі жол апатын жасады

Опубликовано:

Талдықорғанда ЖКО-да соқтығысқан көліктер
Талдықорғанда соқтығысқан көліктер. Фото: Polisia.kz

Талдықорғанда Mercedes-Benz көлігін тізгіндеген мас бойжеткен ірі жол-көлік оқиғасын жасады. Жол апаты салдарынан үш көлік соқтығысты, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайты.

Жол-көлік оқиғасы Жалайри мен Астана даңғылдарының қиылысында болған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 23 жастағы қыз Mercedes-Benz көлігін басқарып, Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соқтығысқан, ал жол талғамайтын көлік инерциямен барып Peugeot көлігіне соғылған.

Медициналық сараптама жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті.

Талдықорғанда жол апатынан кейінгі көліктің жағдайы
Талдықорғанда жол апатына түскен көлік. Фото: Рolisia.kz

Сондай-ақ, 2019 жылы бойжеткеннің көлікті мас күйінде басқарған кезде ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

"Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 346-бабының 2-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның мас күйінде көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап 4-тен 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады",деді Талдықорған қаласы бойынша анықтау бөлімінің бастығы Мирас Асқаров.

Бойжекткен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988907-taldyqorganda-mersedes-koligin-mas-kuide-tizgindegen-boizetken-iri-zol-apatyn-tudyrdy/

pixel