Алматылықтар арзан туристік жолдама аламын деп алданып қалды

Опубликовано:

Демалыс аймағы
Демалыс аймағы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жалған турфирмаға қатысты қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алмалы ауданының прокуратурасының мәліметінше, "С" есімді азамат жалған туристік компанияның атынан адамдарға шетелге бару үшін өте төмен бағамен жолдамалар ұсынған.

Алаяққа сенген жәбірленушілер оған 200 мыңнан 6 млн теңгеге дейін қаражат төлеген.

Сонымен бірге жәбірленушілер оны өз таныстары мен достарына да ұсынған. Ал толық төлем алған соң "С" азамат жәбірленушілердің нөмірлерін бұғаттап, олармен байланысты тоқтатқан. Нәтижесінде адамдар қаражат пен уәде етілген жолдамалардан құралақан қалған.

"Қазіргі таңда қылмыстық істің 100-ден астам құрбаны бар және оның залалы өтелген жоқ. "С" азаматша күдікті деп танылды. Бұл шешім Алмалы ауданының прокуратурасымен келісілді. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды", - деп хабарлады прокуратурада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988983-almatylyqtar-arzan-turistik-zoldama-alamyn-dep-aldanyp-qaldy/