Найзағай, 34 градусқа дейін ыстық: Еліміздің мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Бұлтты күн
Көрнекі фото: pixabay.com

Бейсенбі, 22 қыркүйекте Алматыда найзағай ойнаса, Шымкентте керісінше күн ысиды деп күтілуде. Елордада жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Астанада жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт шығады. Күндіз термометр бағаны +28...+30 градусты көрсетсе, түнде +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2-7 м/с.

Алматылықтарға бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін екені ескертілген. Соған қарамастан күн айтарлықтай жылы – қалада күндіз +27...+29, түнде +13...+15 градусқа дейін жылы болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, бірақ найзағай кезінде екпіні 13 м/с жетуі мүмкін.

Бейсенбі күні Шымкентте күн ашық, тіпті ыстық болады деп болжануда. Ауа температурасы күндіз +32...+34 градусқа дейін жылыса, түнде +15...+17 градусқа дейін салқын болады. Бүгін қалада желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988989-naizagai-35-gradusqa-deiin-ystyq-elimizdin-megapolisterinde-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/