Павлодарлық оқушы мектепті "миналады" деген күдікке ілінді

Опубликовано:

"Жарылғыш зат қойылған" мектеп
"Жарылғыш зат қойылған" мектеп. Фото: polisia.kz

Павлодар облысында 14 жастағы жеткіншек мектепті "миналады" деген күдікке ілінді. Кәмелет жасына толмаған бала ұсталды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметінің Polisia.kz ресми Telegram-арнасы.

Ведомство өкілінің мәліметінше, жасөспірім терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасады деген күдікке ілінді.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодар полициясына академик Шөкин көшесі, 27 үй мекенжайындағы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде террористер бар деген телефон хабарламасы келіп түскен.

Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар қызметі мен саперлар жетіп, қажетті шаралар қолға алынған. Жарылғыш зат табылмады. 1048 оқушы мен 83 қызметкер эвакуацияланған.

Полицейлердің айтуынша, оқушы сыныптастарымен дауласқан. Ол кінәсін мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1988998-pavlodarlyq-oqusy-mektepti-minalady-degen-kudikke-ilindi/