Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда баланы ұрып өлтірді деген күдікке ілінген қызға қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Талдықорғанда 3 жасар баланы ұрып-соғып, өлтірді деген күдікке ілінген 23 жастағы қызға қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кетейік, 12 қыркүйекте Талдықорғандағы ауруханалардың біріне соққыға жығылған үш жасар бала жеткізілген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істесе де, өкінішке қарай бала көз жұмды. Полицейлер 23 жастағы қыздың анасы екеуі бала мен оның бір жасар бауырына бас-көз болғанын анықтады.

Басылымның хабарлауынша, бойжеткен алдымен уақытша ұстау изоляторына қамалған, бірақ артынша қалалық сот оны үйқамақта ұстауға санкция берген.

Ал прокуратура полицияның күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қолдап, сот шешіміне наразылық білдірді.

"Полицияның өтінішін қолдап, қылмыстың ауыр санатқа жататынын ескере отырып, біз бұл шешімге жеке наразылық білдірдік. Бүгін ол сотта қаралды. Күдікті қайтадан сот залында қамауға алынып, қала полициясының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", - деді Талдықорған қаласының прокуроры Бақытжан Әшеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989097-taldyqorganda-balany-uryp-oltirdi-degen-kudikke-ilingen-qyzga-qatysty-bultartpau-sarasy-ozgertildi/

pixel