Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте белгісіз адамдардың түнгі уақытта қызды ұрып-соғып алып кеткені рас па: полиция мән-жайды анықтады

Опубликовано:

әйел адам
Әйел адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында Шымкентте түнгі уақытта белгісіз адамдар бойжеткенді ұрып-соғып, көлігіне отырғызып алып кеткенін айтып, дабыл қақты. Бұл жайтқа қатысты жергілікті полиция депратменті пікір білдіріп, оққиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қыздарды қашан адам ретінде көреді біздің елде? Ұрып-соғу, адам ұрлау фактісі қылмыстық іс екенін білмей ме? Шымкент қаласы 4 мөлтек ауданында түнгі 1:53-те белгісіз адамдар қызды көлікке ұрып-соғып отырғызып, алып кеткен. Шымкент қаласының полиция департаменті назарға алдыңыздар ма?", - деп жазды Айгүл Орынбек.

Оқиғаның мән-жайын білу үшін KAZ.NUR.KZ тілшісі Шымкент қаласы полиция департаментіне жүгінді. Құзырлы органның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жайтқа қатысты ешқандай арыз-шағым түспеген.

Дегенмен полицейлер видеодағы көрініс қыз ұрлау фактісі емес, ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжал екенін анықтаған.

"Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, ерлі-зайыптылар арасында болған жанжал екенін анықтады. Оқиғаға қатысты адам ұрлау фактісі бойынша, сондай-ақ ерлі-зайыптылар тарапынан арыз-шағымдар 102 арнасына түспеген. Көрсетілген азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, орын алған отбасылық жанжал бойынша қорғау нұсқамасы шығарылды", - деп хабардар етті Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989122-symkentte-belgisiz-adamdardyn-tungi-uaqytta-qyzdy-uryp-sogyp-alyp-ketkeni-ras-pa-policiya-man-zaidy-anyqtady/

pixel