Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шектей алмаймыз": Әшімбаев ресейліктердің Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Екі шамадан жүгін сүйреген қыз
Жүгін сүйреген қыз. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан ресейліктердің елге кіруіне тосқауыл қоя ма? Журналистердің бұл сауалына сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палата кулуарында жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәулен Әшімбаевтің сөзінше, Қазақстан ресейліктердің елге келуіне шектеу қоюды жоспарлап отырған жоқ.

"Аздаған ресейліктер елге келіп тұруға ықтиярхатқа өтініш бере алады. Егер ресейліктер бізге келіп, осында біраз уақыт қалғысы келсе, кейін жеке шаруасымен қайтып кетер болса, мұнда ешқандай сұрақ туындамауы керек: біз шектей алмаймыз", — дейді ол.

Спикер сондай-ақ тұруға ықтиярхат беру мәселесі де заңмен реттелетінін атап өтті.

"Тұрғылықты тұруға ықтиярхатқа келетін болсақ, бұл жерде мынаны айтқым келеді. Бұл мәселені реттейтін тиісті заңдар бар. Егер қандай да бір азамат Қазақстанның мемлекеттік органдарына келіп, тұруға ықтиярхат сұраса, яғни олар әзірлеуі тиіс құжаттар тізбесі бар.

Бұл құжаттардың ішінде "азаматтың өзі келе жатқан мемлекет тарапынан берілетін рұқсат қағазы болуы керек" деген тармақ бар. Біздің заңдарымызда мұндай тармақ анық көрсетілген. Егер мемлекет азаматқа кетуге рұқсат бермей, бірақ ол кетіп қалса, Қазақстан оған тұруға ықтиярхат бере алмайды. Келісім бұл – елден шығуға рұқсат берліген парақша, онда қол мен тиісті мөр болуы керек", — дейді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, ал саяси баспана беру, босқын деп тану, босқын мәртебесін беру ол басқа мәселе.

"Бұл халықаралық келісіммен, БҰҰ құжаттарымен реттеледі. Бұл мүлде басқа әңгіме. Бұл туралы қазір әңгіме болып отырған жоқ", — деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйекте Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, елде ішінара мобилизация жариялады.

Кейбір ресейліктер бұған наразылық танытып, кейбірі елден кетуге тырысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989141-asimbaev-reseilikterdin-qazaqstanga-kelui-turaly-sektei-almaimyz/

pixel