Жаңбыр, шаңды дауыл: жұмада ел аумағында ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК өкілдері 23 қыркүйек жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, бүгін ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі сақталады.
Ал Қостанай, Алмат облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989207-zanbyr-sandy-dauyl-zumada-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/