Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласының полициясы Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Алматы полициясы бүгін 23 қыркүйек күні Алматы қаласының орталық стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство әншінің концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция департаменті қызметтері мен бөлімшелерінің 2,5 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылатынын хабарлады.

"Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық аренадағы айтулы оқиға. Сондықтан оны дүрбелеңсіз, бейберекетсіз және ешқандай құқық бұзушылықтарсыз өз деңгейінде өткізу өте маңызды. Полиция қызметкерлері концерт өтетін орын мен оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің бойына көліктерді қоюға тыйым салынғанын ескертеміз.

Осыған байланысты қонақтарды көліктерін алдын ала тұраққа қоюға, қосалқы көшелерді пайдалануға және кептелістерді болдырмау үшін олардың бағытын алдын ала реттеуді сұраймыз", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Сондай-ақ ПД бастығы полиция қызметкерлері концерт кезінде адамдардың өзін-өзі ұстау мәдениетіне ерекше назар аударатынын, алкогольді ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынатынын атап өтті.

"Аға буын жанкүйерлері мен балалары бар әйелдерге құрмет көрсетуге шақырамын", – деп қосты Арыстанғани Заппаров.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Алматыда өтетін ауқымды концертіне келген шетелдік фанаттардың қонақ үйден орын таппай қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989302-almaty-qalasynyn-policiyasy-dimas-qudaibergennin-koncertine-bailanysty-malimdeme-zasady/

pixel