Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда 28 жастағы жігіт танысын көсеумен ұрып, қабырғасын сындырғаны үшін сотталды

Опубликовано:

сот
Сот үкімі. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда 28 жастағы жігіт танысын көсеумен ұрып, қабырғасын сындырғаны үшін сотталды. Өзара қарым-қатынасы нашар болғандықтан, олардың ортасында жанжал туған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар қалалық №2 сотының үкіміне сілтеме жасап.

Екі жігіт Павлодар қаласындағы аудандардың бірінде жеке секторда сөзге келіп қалған. Көсеу ұстаған жігіт мас күйде болған.

"Жәбірленушіні артынан оң жақ қабырға тұсынан көсеумен бар күшімен қатты ұрған, ол жабық дене жарақатын алған, яғни, 9, 10 қабырғасы сынған", - делінген Павлодардың № 2 сотының үкімінде.

Жәбірленуші ауруханаға түсті. Полицейлер денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

28 жастағы павлодарлық өз кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасасты. Сот үкімімен ол 4 жылға бас бостандығын шектелді, сонымен қатар жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989350-pavlodarda-28-zastagy-zigit-tanysyn-koseumen-uryp-qabyrgasyn-syndyrgany-usin-sottaldy/

pixel