Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік студенттер жаппай қазақстандық университеттерге ауысуы мүмкін бе: Министр жауап берді

Опубликовано:

студенттер11
Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ресейдің жоғары оқу орындарының студенттері қазақстандық университеттерге жаппай ауысуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саясат Нұрбектің сөзінше, Ресейдің жоғары оқу орындарынан Қазақстанға студенттерді жаппай көшіру туралы болжам жоқ.

"Басқа елдердің азаматтарына біздің университеттерге түсуді шектей алмаймыз. Біз барлығын заң аясында қарастырамыз. Әзірге ешқандай болжам жоқ, бірақ айтарлықтай шектеулер бар - бұл физикалық инфрақұрылым. Біздің университеттер қазір өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп жатыр. Бірақ кез келген шетелдік азаматты қабылдау немесе қабылдамау ниверситеттің шешімі. Біз университеттердің өз мүмкіндіктеріне сүйенетін боламыз", - деп қосты министр.

Оның айтуынша, биыл мамыр айынан бері Ресейден оқуын жалғастыру үшін немесе ауысу арқылы 2,5 мыңға жуық студент келген. Украинадан 38 адам бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға келетін Ресей азаматтарының санының артуына қатысты пікір білдіріп, елге кіру бақылауда екенін баса айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989361-reseilik-studentter-zappai-qazaqstandyq-universitetterge-auysuy-mumkin-be-ministr-zauap-berdi/

pixel