Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда атауының өзгеруіне байланысты мектеп оқулықтары қайта басып шығарыла ма

Опубликовано:

оқушы
Сабақ оқып отырған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елорда атауын өзгертуге байланысты мектеп оқулықтары қайта басу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аймағамбетов мұндай жоспар жоқ екенін мәлімдеді.

"Елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтарымыз өзгермейді. Тек осы шешімге байланысты оқулықтарды қайта басып шығарудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Айтпақшы, 2016, 2017, 2018 жылдары оқулықтар көптеп жарық көрді. Ал балалар біздің елордамыздың қалай аталатынын біледі", - деп сендірді министр.

Министр жаңадан құрылған аймақтарға байланысты да осындай жағдай екенін жеткізді.

"Бізде оқулықтарды қайта басып шығарудың жиілігі бар. Ол қайта басып шығару циклі деп аталады. Осы циклге сәйкес оқулықтарды басып шығарарда немесе оқу бағдарламалары жаңартылған кезде бұл мәселелер ескерілетін болады. Ал облыстардың санының өзгеруіне бола оқулықтарды қайта басып шығарудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ондай мәселе күн тәртібінде де жоқ", - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1989386-elorda-atauynyn-ozgeruine-bailanysty-mektep-oqulyqtary-qaita-basyp-sygaryla-ma/

pixel